Помогите пожалуйста перевести стих Абая: Кел, балалар, оқылық! Сөз басы Бір қүдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры, Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Мал дәулеттің байлығы Бір жүтасаң жоқ болар. Оқымыстың байлығы, Күннен-күнге көп болар, Еш жүтамақ жоқ болар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Сиса көйлек үстіңде, Тоқуменен табылған... Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған... Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылған. Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Надандықтың белгісі — Еш ақылға жарымас. Жайылып жүрген айуандай, Ақ, қараны танымас. ...Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Оқу деген шыны-ды, Тұрған сайын шыныққан... Оқу білген адамдар, Май тамызған қылыштан... Білмегенді білуге, Есті бала тырысқан, Есер бала ұрысқан. Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Әлпештеген ата-ана Қартаятын күн болар. Қартайғанда жабығып, Мал таятын күн болар. Ата-енең қартайса — Тіреу болар бұл оқу, Қартайғанда мал тайса — Сүйеу болар бүл оқу. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық. Оқу білген таниды Бір жаратқан қүдайды, Танымаған қүдайды Неғылғанда ұнайды... Шырағым адам болғай деп, Ата-енең жылайды. Баладан қайыр болмаса, Баланы неге сұрайды. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! 3. Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің, топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып. Сөз айта алмай бөгеліп, Дүрсіл қағып жүрегі, Тұрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп иегі?


Не устраивает ответ?

Если твой вопрос не раскрыт полностью, то попробуй воспользоваться поиском на сайте и найти другие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Найти другие ответы

Загрузить картинку (не более 2мб)
Недавние вопросы
Другие вопросы в категории Қазақ тiлi

Қазақ тiлi, опубликовано 13.06.2019

Ответить на вопросы​

Вопросы из других категорий